2015 жылғы 26 қаңтар, Астана қаласы
Сот сараптамасы объектілерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» 2010 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 3-тармағына сәйкес, бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Сот сараптамасы объектілерін пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми түрде жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Б.ИМАШЕВ.
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 50 бұйрығымен бекітілген
Сот сараптамасы объектілерін пайдалану қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Cот сараптамасы объектілерін пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 27-бабына сәйкес әзірленді және сот сараптамасы органдары қызметкерлерінің, сот сараптама қызметін лицензия негізінде жүзеге асыратын жеке тұлғалардың және сот сараптамасын бір реттік тәртіпте жүргізетін басқа да тұлғалардың сот сараптамасы объектілерін ұсынудың, қабылдаудың, есепке алудың, сақтаудың және кері қайтарудың тәртібін белгілейді.
2. Сот сараптамасы объектілері болып, заттай дәлелдемелер, құжаттар, адамның денесі мен психикасының күйі, мәйіттер, жануарлар, үлгілер, сондай-ақ сот сараптамасының мәніне жататын, ол бойынша сот сараптамасы жүргізілетін істердің материалдарында қамтылған мәліметтер (бұдан әрі – Сот сараптамасы объектілері) жатады.
2. Сот сараптамасы объектілерін қабылдаудың тәртібі
3. Сот сараптамасы объектілері сот сараптамасы органдарына тікелей сот сараптамасын тағайындайтын адам, не оның уәкілетті өкілі поштамен, арнайы байланыс арқылы жолдайды.
Пошта арқылы қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен пиротехникалық құрамдарды, жарғыш құрылғылар мен жару құралдарын, жеңіл тұтанатын және жанғыш заттарды, есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды, қатты әсер ететін, уытты және улы заттарды, радиоактивті заттар мен ядролық материалдарды, қымбат бұйымдар, құнды қағаздар, табиғи күйіндегі биологиялық үлгілерді жіберуге жол берілмейді.
5. Cот сараптамасы объектілері олардың зақымдануы, ауысып кетуі, өзгеруі мүмкіндігін болдырмайтын және істер мен материалдар бойынша объект мағынасын беріп отырған белгілері мен қасиеттерінің, сонымен қатар ондағы іздердің сақталуын қамтамасыз ететін орауышқа салынады.
Сот сараптамасы объектілерін тасымалдау кезінде олар өз қасиеттері мен пішіндерін жоғалтпайтындай етіп орау қажет, сондай-ақ оларды бұрмалау мүмкіндігін болдырмау керек.
Әрбір тасымалдаушы-бұйым мен заттардың үлгілерін тасымалдау кезінде сот сараптамасы объектілерінің бір-бірімен жанасуын болдырмау үшін объектілердің ерекшеліктерін ескере отырып жеке ыдысқа орап салу қажет.
Сот-гистологиялық сараптамасының (зерттеулерінің) объектілері үшін бір ыдысқа орап салуға жол беріледі.
Биологиялық сұйықтықтарды (қан, несеп және т.б.), биологиялық ұлпалар мен органдардың бөліктерін олардың табиғи күйінде тиісті температуралық жағдайларда (хладагенті бар арнайы контейнерлерде) үш тәуліктен аспайтын кезеңде тасымалдау қамтамасыз етілуі тиіс.
5. Зерттелуге тиіс материалдардың ерекшеліктеріне сай, сот сараптамасы объектілерін олардың көлемдері мен өлшемдеріне байланысты сот сараптамасы органдарына тікелей ұсыну мүмкін болмаған жағдайда, сот сараптамасын тағайындаған адам сарапшыны зерттеу объектісі тұрған орынға жеткізуді және сот сарапшысының оларға кедергісіз қол жеткізуін және сот-сараптамалық зерттеу жүргізу үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді.
6. Орауышта сот сараптамасы объектісінің атауы, оның пайда болуы, алу шарттары, объекті табылған және алынған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) туралы мәліметтер, сот сараптамасы объектісін табу, алу және орау кезінде қатысқан адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы, сот сараптамасын тағайындаған лауазымды тұлғаның қолы және оның қолын куәландыратын мөрдің бедері көрсетіледі.
Биологиялық текті объектілер үшін орамада сот сараптамасы объектісінің атауы, оның пайда болуы, объектіні алуды жүргізу орны, объектіні алу жүргізілген немесе мәйітінен объектіні алу жүргізілген (өлген) адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) туралы мәліметтер, сот сараптамасы объектісін орау кезінде қатысқан адамдардың қолы, алуды жүргізген немесе сот сараптамасын тағайындаған лауазымды тұлғаның қолы және оның қолын куәландыратын мөрдің бедері көрсетіледі.
7. Сот сараптамасы объектілерін сот сараптамасын тағайындаған адам немесе оның уәкілетті өкілі ұсынған жағдайда, сот сарапшысы ұсынылған объектілердің сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыда (ұйғарымда) көрсетілген сот сараптамасы объектілерінің тізбесіне сәйкес келуін тексереді.
Сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыда (ұйғарымда) көрсетілген объектілер тізбесінің сәйкес келмеуі, ораманың тұтастығының бұзылуы анықталған кезде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 2 данада зерттеуге келіп түскен объектілер мен материалдарды қарау актісі (бұдан әрі – Қарау актісі) жасалады. Қарау актісіне ұсынылған объектілердің сәйкестігін тексерген сот сарапшысы (Сот медицинасы орталығында, кеңсе болған жағдайда – кеңсе қызметкері) және объектілерді жеткізген адам қол қояды.
Объектілер почта арқылы жеткізілген жағдайда, қарау актісіне аумақтық бөлімшенің басшысы, сот сарапшысы (Сот медицинасы орталығында, кеңсе болған жағдайда – кеңсе қызметкері) қол қояды.
Қарау актісінің бір данасы сот сараптамасын тағайындаған адамға немесе оның уәкілетті өкіліне беріледі, екіншісі сарапшы қорытындысымен бірге бақылау өндірісінде сақталады.
Биологиялық үлгілердің бұзылуына жол бермеу мақсатында, объектілер тізбесіндегі сәйкессіздік анықталған кезде, сот сараптамасы органдары сараптама объектілерін (объектілердің қойылған сұрақтарды шешу үшін жарамдылығы шартымен) қабылдайды. Бұл ретте Қарау актісі жасалады.
8. Сот сараптамасын тағайындау туралы қаулы (ұйғарым) зерттеуге ұсынылған объектілер көрсетілетін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сот сараптамасын жүргізу үшін келіп түсетін материалдарды тіркеу журналында тіркеледі.
Біртекті бұйымдар болған кезде олардың саны, заттар үшін – түрі мен саны, мазмұндары бірдей құжаттар үшін – парақтарының саны көрсетіледі.
Қылмыстық, азаматтық істердің немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің материалдарын алған кезде оның нөмірі, күдіктінің (күдіктілердің), айыпталушының (айыпталушылардың) немесе азаматтық істегі тараптардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), істің томдары мен парақтарының саны көрсетіледі.
9. Процессуалдық талаптар бұзылған жағдайда сот сараптамасының объектілері мен іс материалдары Заңның 21-бабының 1-тармағына сәйкес сот сараптамасын тағайындаған адамға орындаусыз кері қайтарылады.
10. Сот сарапшысы зерттеуге келіп түскен есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды сот сараптамасын тағайындаған адамның немесе оның уәкілетті өкілінің қатысуымен таразыға тартады, олардың көлемін өлшейді.
Көрсетілген объектілерді қарау және өлшеу (көлемін өлшеу) нәтижелері Қарау актісінде көрсетіледі.
11. Сот сараптамасы органдары есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың, жарылғыш заттардың ірі жиынының объектілерін қабылдаған жағдайда, сондай-ақ сот сараптамасына ақша қаражаттары, құнды қағаздар, зергерлік бұйымдар келіп түскен кезде Қарау актісі жасалады.
12. Сот сараптамасын жүргізу үшін келіп түсетін есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорларды тіркеу журналында тіркелуге тиіс.
13. Сот сараптамасын жүргізу үшін келіп түсетін қару, оқ-дәрілер, жарылғыш заттар мен жарғыш құрылғылар осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша иір ойықты қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен құрылғыларды тіркеу журналында тіркелуге тиіс.
14. Бағалы металдардан (осы бұйымдардың сынықтары), бағалы тастар мен інжуден жасалған бұйымдарды, сондай-ақ зергерлік қолөнер бұйымдарын, бағалы тастарды, бағалы металдардан жасалған ақшалар, ұлттық мен шетел валюталары осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалы металдар мен тастардан жасалған бұйымдарды, бағалы қағаздарды, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің ақша банкноттарын тіркеу журналында тіркелуге тиіс.
15. Молекулярлық-генетикалық зерттеулер жүргізу үшін қан үлгілерін алу осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша молекулярлық-генетикалық бөлімде (бөлімшелерде) тірі адамдардың қанын алуды тіркеу журналында тіркеледі.
3. Сот сараптамасы объектілерін сақтау тәртібі
16. Сот сараптамасының объектілері, объектілердің жекелеген санаттарын сақтау ерекшеліктері ескеріле отырып, арнайы жабдықталған үй-жайларда (сот сараптамасының объектілерін сақтау камераларында), металл шкафтарда және сейфтерде сақталады.
Сот-медицинасы сараптамасын жүргізу үшін келіп түскен объектілер (биологиялық текті), олардың бүлінуін болдырмайтын, сақталуын қамтамасыз ететін жағдайларда сақталады.
Сот сараптамасы объектілеріне сот сараптамасының нөмірі, келіп түскен күні жазылған тақтайша ілінеді.
17. Сот сараптамасы органдарында объектілердің сақтау камераларында сақталуына жауапты адамдар (бұдан әрі – Сақтауға жауапты адам) сот сараптамасы органы басшысының бұйрығымен тағайындалады.
18. Сақтауға жауапты адам сот сараптамасы органының сарапшысына сот сараптамасының объектілерін сақтау камерасынан беруді, сондай-ақ оларды сақтау камерасына қабылдауды жүзеге асырады, ол туралы осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сот сараптамасы объектілерін сақтау камерасына қабылдауды және өткізуді тіркеу журналына жазба енгізіледі.
19. Сот сараптамасын жүргізу кезеңінде сот сараптамасы объектілерінің сақталуына өндірісінде сараптама бар сарапшы жауапты болады.
Егер сот сараптамасы объектілерінің көлемдері мен өлшемдері мүмкіндік берсе, онда олар сейфтерде, металл шкафтарда сақталады.
20. Зерттеу жүргізу кезінде сот сарапшысы Заңның 9-бабына сәйкес келетін және сот сараптамасы объектілерінің барынша сақталуын қамтамасыз ететін әдістерді қолданады.
21. Сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыда (ұйғарымда) сот сараптамасы объектілерінің қасиеттерін өзгертуге, оларды ішінара немесе толық жоюға рұқсат болмаған жағдайда, сот сарапшысы үш жұмыс күні ішінде, көпобъектілі сот сараптамалары бойынша – бес жұмыс күні ішінде аталған әрекетке рұқсат ету үшін сот сараптамасын тағайындаған адамға жазбаша өтініш жасайды.
Одан кейінгі зерттеулер сот сараптамасын тағайындаған органның (адамның) тек жазбаша рұқсатымен ғана жүргізіледі.
22. Сот сараптамасын жүргізу кезінде жұмсалған заттардың мөлшері сарапшының қорытындысында сот-сараптамалық зерттеудің әр кезеңінде көрсетіледі. Қорытындының синтездеу бөлігінде сот сарапшысы жұмсалған және кері қайтарылатын заттың жалпы санын көрсетеді.
23. Сарапшы осы Қағидалардың 11-15-тармақтарында көрсетілген сот сараптамасы объектілерін жұмыс күні аяқталған соң осы Қағидалардың 18-тармағына сәйкес заттай дәлелдемелерді сақтау камерасына өткізеді.
24. Сарапшы сараптама өндірісі аяқталған соң сот сараптамасы объектілері, сот-медициналық сараптамасын жүргізу үшін келіп түскен объектілерден бөлек, оралған (таңбаланған) және мөрленген күйінде заттай дәлелдемелерді сақтау камерасына өткізеді. Орамаға келесі жазбалар енгізіледі: сот сараптамасының нөмірі, аяқталу күні, ораманың ішіндегісі, сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), оның қолы. Орама «Пакеттер үшін» дөңгелек мөрінің бедерімен мөрленеді.
4. Сот сараптамасы объектілерін беру тәртібі
25. Сот сараптамасына ұсынылған сот сараптамасы объектілері, биологиялық текті сот сараптамасы объектілерін қоспағанда, сот сараптамасы органдарында тек оларға сот-сараптамалық зерттеулер жүргізу уақытында ғана болады.
26. Биологиялық объектілерден бөлек, сот сараптамасы объектілері сот сараптамасын тағайындаған адамның тікелей өзіне немесе оның уәкілетті өкіліне беріледі. Бұл ретте осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген сот сараптамасын жүргізу үшін келіп түсетін материалдарды тіркеу журналында және бақылау өндірісінде сақталатын сот сарапшысы қорытындысының данасында алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жұмыс орны, лауазымы, жеке куәлігінің немесе қызметтік куәлігінің, сенімхаттың нөмірі мен берілген күні көрсетіледі.
Осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген сот сараптамасын жүргізу үшін келіп түсетін материалдарды тіркеу журналында сот сараптамасы объектілерін беру кезінде сақтауға жауапты адам, ал сот-сараптама қызметі лицензия негізінде жүзеге асырылған жағдайда - сот сарапшысы «өзі алды», «сенімхат бойынша берілді» деген белгілерді және материалдардың берілген күнін белгілейді.
27. Бағалы заттар, қару, оқ-дәрілер, есірткі, улы, күшті әсер ететін, жарылғыш, жеңіл тұтанатын заттар мен почта арқылы жіберілуге жатпайтын қолайсыз объектілер coт сараптамасын тағайындаған адамның тікелей өзіне немесе оның уәкілетті өкіліне қайтарылады, ол туралы адам үш жұмыс күні ішінде телефонхатпен хабардар етіледі.
28. Сот сарапшысының қорытындысын почта, арнайы байланыс арқылы сот сараптамасын тағайындаған адамға немесе оның уәкілетті өкіліне, биологиялық объектілерді қоспағанда, сот сараптамасы объектілерінсіз жөнелтуге жол берілмейді.
5. Мәйіттерді ұсынудың, қабылдаудың және тіркеудің тәртібі
29. Мәйіт сот сараптамасы органдарына мәйіттің зерттеуін жүргізгеннен (табытты ашудан) кейін оны жерлеуге рұқсатты көрсете отырып сот-медициналық сараптама тағайындау туралы қаулымен және мәйіттің табылған (оқиға) орнында оны қарау хаттамасының көшірмесімен бірге жіберіледі. Мәйітті сот сараптамасы органдарына қабылдауды санитар жүргізеді.
30. Мәйітті қабылдаушы санитар, ол сот сараптамасы органдарына жеткізілгенінен кейін өлген адамның киімін, құнды заттарын, құжаттарын және өлікпен бірге жеткізілген басқа да заттарын осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша киетін киімдерді, заттай дәлелдемелерді, құнды заттар мен құжаттарды мәйітханада тіркеу журналына тіркейді және мәйітке оның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жасы мен тіркеу нөмірі көрсетілген тақтайша не штампталған тіркеу нөмірі бар металл белгі ілінеді.
31. Сот-медициналық сараптаманы тағайындаған адам мәйітті денсаулық сақтау ұйымынан сот сараптамасы органдарына жіберген кезде, сонымен бір мезгілде ауру тарихының түпнұсқасын және өлген адамның киімдерін де жеткізуді қамтамасыз етеді. Егер киімдерді анықтау немесе тергеу органдары алған болса, не олардың рұқсатымен өлген адамның туысқандарына берілген болса, қаулыда тиісті жазба жазылады.
32. Мәйітті және жолдау құжаттарын осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сот-медициналық мәйітханада мәйітті тіркеу журналында тіркеуді медициналық тіркеуші жүзеге асырады.
33. Жұмыстан тыс уақытта мәйітті қабылдауды, оларды осы Қағидалардың 32-тармағында көрсетілген сот-медициналық мәйітханада мәйітті тіркеу журналында тіркеуді кезекші сот-медициналық сарапшының бақылауымен кезекші санитар жүзеге асырады.
34. Сот-медициналық сарапшысының келісімі бойынша, жылдың жылы мезгілдерінде, құрғақ ауа райында және жұмыс үшін қажетті жағдай жасалған кезде, эксгумация жасалған мәйіттің сараптамасын ашық далада жүргізуге жол беріледі.
35. Қатып қалған мәйіттер, бөлме температурасында олар толық ерігеннен кейін ғана зерттеледі, жоғары температура жағдайында мәйітті жылдамдатып ерітуді жүргізуге жол берілмейді.
Қосымша зертханалық зерттеулер үшін мәйіттік материалдарды алу және оларды сот-медициналық зертханаларға сот сараптамасын жүргізу үшін жолдауды мәйіт сараптамасын жүргізетін сот сарапшысы жүзеге асырады. Мәйіттік материалдардың үлгілері осы Қағидаларға сәйкес алынады, қапталады, таңбаланады және сот сараптамасын тағайындаған адамға жолданады.
Мәйіттің сот-медициналық сараптамасын тағайындау туралы қаулы (ұйғарым) көшірмесі, сот сарапшысының жолдамасы, объектілер мәйіт сараптамасын жүргізуге қатысатын сот сараптамасы органдарының бөлімшелеренің осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген сот сараптамасын жүргізу үшін келіп түсетін материалдарды тіркеу журналында тіркеледі.
Сот-биологиялық сараптамасын жүргізу үшін сот сараптама объектілерін алуды мәйіттің сараптамасын жүргізетін сот сарапшысы жүзеге асырады. Объектілер осы Қағидаларға сәйкес алынады, қапталады, таңбаланады. Сот сарапшысының жолдамасы және мәйіттен алынған объектілер осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәйіттен алынған биологиялық объектілерді сот-биологиялық бөлімдерде (бөлімшелерде) тіркеу журналында тіркеледі.
36. Мәйітті зерттеу аяқталғаннан кейін сот-медициналық сарапшының бақылауымен, зертханалық зерттеу үшін алынған биологиялық үлгілерден бөлек, барлық органдары мәйітке салынады және оны тігеді, сонымен қатар қосымша кесілген орындары тігіледі.
Мәйіттің қуысына оған тиесілі емес органдарды немесе бөтен заттарды салуға жол берілмейді.
37. Мәйітке, оны бұзылудан сақтайтын заттарды мәйітті зерттеу аяқталғанға және материалдарды зертханалық зерттеуге алғанға дейін енгізуге жол берілмейді. Мәйіттің сот-медициналық сараптамасы аяқталғаннан кейін сот сараптамасы органында мәйітті консервациялау, тек сот сараптамасын тағайындаған адамның жазбаша рұқсатымен ғана жүргізіледі. Жазбаша рұқсатта жазбаша рұқсат берген адам туралы мәліметтер, қызметтік куәлігінің нөмірі және сараптама тағайындаған адамның қолы болуы керек.
6. Мәйіттерді сақтау тәртібі
38. Мәйіттің киімі мен онымен бірге жеткізілген басқа да заттар сот сараптамасы органдарына қандай күйде түссе, сол күйінде сот-медициналық сараптама жүргізу басталғанға дейін сақталады.
39. Мәйіттер, сондай-ақ мәйіттердің бөлінген бөлшектері сот сараптамасы органдарында шіру процестерінің дамуына жол бермейтін жағдайларда сақталады.
40. Жарақаттарды (зақымдарды) қарау кезінде оларды зондымен тексеру және бастапқы түрін немесе зақымданудың қасиетін өзгертуге алып келетін басқа да әрекеттерді жүргізуге, сондай-ақ сараптамалардың басқа түрлері үшін олар да заттай дәлеледемелер болып табылатын ұсақ бөлшектерді (шынының, металдың сынықтары, ыс және тағы басқалар) жоюға жол бермес үшін кепкен қанды, шығындыны жуу, сүрту және өзге де жолмен оны жоюға жол берілмейді. Мәйіттің сот сараптамасына дейін, шегенделген зақымданулардағы құралды және жарақаттардағы заттарды алуға, қозғауға жол берілмейді.
41. Карантиннен және аса қауіпті инфекциялардан өлген адамдардың мәйіттері басқа мәйіттерден оқшауланған түрде сақталады.
42. Мәйіттер сот сараптамасы органдарында сот-медициналық сараптама аяқталғаннан кейін он тәуліктен асырмай сақталады.
7. Мәйіттерді қайтару тәртібі
43. Мәйіттерді санитарлар жерлеу үшін өлген адамның туыстарына, жақындарына немесе өзіне жерлеуді алған уәкілетті қоғамдық ұйымдарға (жергілікті ұлттық ғұрыптарға сәйкес жуылған және киіндірілген түрде) сот сараптамасын тағайындаған адамның жазбаша рұқсаты бойынша береді.
44. Карантиннен және аса қауіпті инфекциялардан өлген адамдардың мәйіттері, табытын ашу құқығынсыз жерлеу (кремациялау) орнына жеткізу үшін беріледі.
Сот сараптамасы объектілерін пайдалану қағидаларына 1-қосымша
Нысан
Зерттеуге келіп түскен объектілер мен материалдарды қарау
актісі
Қабылдау уақыты: _______________ Күні « » ___________ 20____ж.
Біз, келесі құрамдағы төменде қол қоюшы комиссия:
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
сараптама тағайындаған адамның (немесе оның уәкілетті өкілінің) қатысуымен:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
қаулысында (анықтамада) ______________________________________________
Қысқаша фабуласы: ___________________________________________________
________________________________________________________жүргізу үшін
Жалпы қаптаманың және әрбір объектінің жеке алғандағы жай-күйі:______ ___________________________________________________________________
Қаулыға (анықтамаға) сәйкес зерттеу объектілері мен материалдарының тізілімі: ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Өлшемдер (көлемін анықтау, санын есептеу) сараптаманы тағайындаған адамның (немесе оның уәкілетті өкілінің) қатысуымен жүргізілді: ___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Актіні келесі құрамдағы комиссия әзірледі:
1.
2.
3.
Сот сараптамасы объектілерін пайдалану қағидаларына 2-қосымша
Нысан
Сот сараптамасын жүргізу үшін келіп түсетін материалдарды тіркеу журналы
№
р/с Сараптама нөмірі, келіп түскен күні Сараптаманы тағайындаған орган, судьяның, тергеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы, шені Қылмыстық, азаматтық істің, ақпаратты тіркеу кітабының (сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінің) нөмірі мен санаты, күдіктінің, айыпталушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) Сарапта-маның шифры, зерттеу объек-тілері Сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), алғандығы туралы белгі, қолы
1 2 3 4 5 6
кестенің жалғасы
Өтінішхаттар туралы белгі: шығарған күні, қанағаттандыру күні, тоқтата тұру мерзімдері Статистикалық деректер Сарап-та-маның тапсы-рылған күні, сарап-шының қолы Сараптаманы алғандығы туралы белгі, алушы адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), алған күні, қызметтік куәлігінің нөмірі, қолы
Объектілердің саны Сұрақтардың саны Тұжырымдар саны Кесімді Болжамды Қорытынды беру
мүмкін емес Сараптаманың
мерзімі Күрделілігі Безендірулері
7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18
Сот сараптамасы объектілерін пайдалану қағидаларына 3-қосымша
Нысан
Есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорларды тіркеу журналы
№ р/с
Сараптама нөмірі, тіркелген күні Сараптаманы тағайындаған орган, тергеуші тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы, шені Қылмыстық істің,
ақпаратты тіркеу кітабының (сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінің) нөмірі, ұсталғанның, күдіктінің, айыпталушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) Пакеттердің саны, объекті-лердің түрі, салмағы, көлемі Объектілерді кім әкелді, күні, қолы Сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), сараптаманы алған күні Есірткі құралы, психотроптық зат және прекурсорлардың түрі, зерттеуге келіп түскен, шығындалған/қайтарылған заттың салмағы (көлемі) Қорытындының кеңсеге тапсырылған күні Сұрақтардың, жауаптардың саны, сараптама мерзімі Сараптама мен объектіні алған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), алған күні, қолы, қызметтік куәлігінің нөмірі
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
Сот сараптамасы объектілерін пайдалану қағидаларына 4-қосымша
Нысан
Иір ойықты қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен құрылғыларды тіркеу журналы
№ р/с
Күні Сараптама-ның нөмірі Объектілерді зерттеуге жіберген органның атауы Келіп түскен объек-тілердің тізбесі Объектілерді алған сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы Сақтауға берілгендігі туралы белгі сарапшының қолы Алғандығы туралы белгі, жауапты адамның қолы
1 2 3 4 5 6 7 8
Сот сараптамасы объектілерін пайдалану қағидаларына 5-қосымша
Нысан
Бағалы металдар мен тастардан жасалған бұйымдарды, бағалы қағаздарды, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің ақша банкноттарын тіркеу журналы
№ р/с
Күні Сараптама-ның нөмірі Объектілерді зерттеуге жіберген органның атауы Келіп түскен объек-тілердің тізбесі Объектілерді алған сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы Сақтауға берілгендігі туралы белгі, сарапшының
қолы Алғандығы туралы белгі, жауапты адамның қолы
1 2 3 4 5 6 7 8
Сот сараптамасы объектілерін пайдалану қағидаларына 6-қосымша
Нысан
Молекулярлық-генетикалық бөлімде (бөлімшелерде) тірі адамдардың қанын алуды тіркеу журналы
№ р/с
Зерттелушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) Туылған күні Жеке басын куәландыратын құжат, қашан және кім берген Сараптама жүргізу үшін негіздеме Қанды алу күні Қанды алған адамның қолы
1 2 3 4 5 6 7
Сот сараптамасы объектілерін пайдалану қағидаларына 7-қосымша
Нысан
Сот сараптамасы объектілерін сақтау камерасына қабылдауды және өткізуді тіркеу журналы
№ р/с
Күні Сарап-тама нөмірі Объектілерді зерттеуге жіберген органның атауы Келіп түскен объекті-лердің тізбесі Объектіні алған сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы Сақтауға беріл-гендігі туралы белгі, сарап-шының қолы Алғандығы туралы белгі, жауапты адамның қолы
1 2 3 4 5 6 7 8
Сот сараптамасы объектілерін пайдалану қағидаларына 8-қосымша
Нысан
Киетін киімдерді, заттай дәлелдемелерді, құнды заттар мен құжаттарды мәйітханада тіркеу журналы
№ р/с
Келіп түскен күні Өлген адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) Мәйітті кім жеткізді Мәйітпен бірге жеткізілген кие-тін киімдердің, заттай дәлелдеме-лердің және басқа да заттардың тізілімі мен қысқаша сипаттамасы Мәйітпен бірге жеткізілген құжаттардың және құнды заттардың тізілімі мен қысқаша сипаттамасы
1 2 3 4 5 6
Жалғасы:
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы Мәйітпен жеткізілген заттарды, құжаттарды, құнды заттарды, заттай дәлелде-мелерді беру үшін негіздеме Берілген заттардың, құжаттардың, құнды заттардың, заттай дәлелдемелердің тізілімі, алған адамр туралы мәліметтер: тегі, аты, әкесінің аты, жеке құжатының атауы мен нөмірі, тұрғылықты жері, алушының қолы, күні Мәйітханадан алынбаған киетін киімдердің, заттай дәлеледемелердің, құжаттардың, құнды заттардың және басқа да заттардың тағдыры туралы мәліметтер
мәйітті, заттарды, құжаттарды, құнды заттарды жеткізген адамның мәйітті заттарды, құжаттарды, құнды заттарды қабылдаған адамның
7 8 9 10 11
Сот сараптамасы объектілерін пайдалану қағидаларына 9-қосымша
Нысан
Сот-медициналық мәйітханада мәйітті тіркеу журналы
№ р/с
Сот-меди-циналық
сарапшы қорытын-дысының нөмірі Өлген адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) Мәйіт мәйітханаға жеткізілді Туылған күні Жынысы Өлген адам-ның тұрғы-лықты жері және жеке куәлігінің нөмірі Мәйіт мәйітханаға қайдан жеткізілді (үйінен, көшеден және т.б.) Сараптама жүргізу туралы қаулыны кім және қашан шығарған
уақыты күнi
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
жалғасы
Сот-меди-циналық
сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және сараптаманы жүргізу уақыты Өлімнің себебі (қайтыс болғаны туралы дәрігерлік куәлік, перинаталдық өлімі туралы дәрігерлік куәлікке сәйкес қысқаша диаг-ноз) Қорытынды диагноз Зертха-налық зерттеу үшін жолданған объек-тілердің тізілімі «Сот-меди-циналық
сарапшы қорытын-дысының» аяқталған күні «Сот-меди-циналық
сарапшы қорытындысы» қашан және кімге жолданды немесе берілді. Алғандығы туралы қолхат Мәйітті беру немесе жерлеу күні, қайтыс болғаны туралы куәлік нөмірі (АХАТ) Мәйіт кімге берілді (тегі, аты, әкесінің аты, жеке басын куәлан-дыратын құжаттың нөмірі, тұрғы-лықты жері) жерленген орны
11 12 13 14 15 16 17 18
Сот сараптамасы объектілерін пайдалану қағидаларына 10-қосымша
Нысан
Мәйіттен алынған биологиялық объектілерді сот-биологиялық бөлімдерде (бөлімшелерде) тіркеу журналы
№ р/с
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жасы Объектілерді жолдаған сот-медициналық сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) Сот-медициналық сарапшының қорытындысының нөмірі Қайтыс болған күні Бөлімге келіп түскен күні Тізілім, қаптау, саны Объектілерді тіркеген адам (қолы)
1 2 3 4 5 6 7 8
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 20 ақпандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10305 болып енгізілді.